Қызылорда облысында анасы балаларын дағдарыс орталығында қалдырып кеткен

depositphotos фото на taspanews.kz от 16 января 2025 12:25
Фото: depositphotos

Қызылорда қаласы, Әбенов көшесінде орналасқан дағдарыс орталығында кәмелетке толмаған балаларын қалдырып кеткен ана қыдырып кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.


Дағдарыс орталығында 3 бала қараусыз қалған. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, білім беру мен құқығы, мүддесін қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындамаған ана осы әрекетке бір жыл ішінде екі рет барғаны белгілі. Бірінші ретте оған әкімшілік жаза қолданылған.


Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы, 2-бөлігі бойынша 41 286 теңге айыппұл төлеу тағайындалды.


Следите за новостями Taspanews