Қызылорда облысында киберқылмыспен ақша тапқан топ ұсталды
Фото: Қызылорда ПД
Қызылорда прокуратурасы мен Полиция департаменті жүргізген жоба аясында киберқылмыстық топ анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ПД-не сілтеме жасап.
Алаяқтар ғаламтор арқылы алаяқтық жасап, несие алу тарихын жақсартып, ақша алуға қажетті қосымша жасаймыз деп сендірген. Нәтижесінде, 45 миллион теңге иемденген.
Тінту кезінде 16 ұялы телефон, “Роутер” және бірнеше Sim-карта, қолма-қол қаражат табылған. Олар жалған қызмет көрсетпекші болып, шындыққа сәйкес келмейтін IP және банк есепшотын қолданған.
Тергеу соты қаулысы екі айға дейін күдіктілерді ұстау шарасын бекітті. Тергеу-тексеру жүруде.