Қызылорда облысында мас жедел жәрдем жүргізушісі көлік айдау куәлігінен айырылды
Фото: Polisia.kz
Самара — Шымкент автожолында "Қауіпсіз жол" операциясы барысында жол қызметінің қызметкерлері жедел жәрдем көлігін тоқтатты. Құжаттармен танысу кезінде жүргізушінің мінез-құлқы полицейлерге ерсі көрінді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Жүргізушіге медициналық куәландыру жүргізілді. Тексеру қандағы алкогольді растады.
Жүргізуші бұзушылық үшін кінәлі деп танылды және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. 15 күн қамауға алынып, әкімшілік жаза өтейді.