Қызылордада есірткі заттары бар фитозертхана табылды

Фото: Қызылорда ПД

Қызылорда облысында сарайда фитозертхана ұйымдастырған 52 жасар тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.


Пластик фольгамен қапталған фитозертханада 214 түп қарасора, өсімдіктерді өсіру барысында пайдаланылған жарықтандыру жарықдиодты құрылғылар мен шөп тәріздес заттар табылды.  Сараптама нәтижесінде осы заттар 5 кг. 426 гр. кептірілген марихуана мен 4,65 гр. гашиш екені анықталды.


Сот үкімі бойынша, айыпталушы 12 жылға бас бостандығын айырылды.