Қызылордада Ұлттық ұлан капитаны көпқабатты үй тұрғындарын өрттен қорғап қалды

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 17 января 2025 12:11
Фото: Polisia.kz

Қызылордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери нарядтары бойынша кезекші, капитан көпқабатты үйдің жертөлесіндегі өртті байқап қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Ұлттық ұланның қызметкері бірден өрт сөндірушілерге хабарласты. Әскери нарядтың кіші сержанты мен қатардағы жауынгерімен бірігіп, үйді тұрғындардан шеттету іске асырылды. Тұрғындар қауіпсіз арақашықтыққа жіберілді.


Өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Зардап шеккендер болмады. Өрт себебі анықталуда.


Следите за новостями Taspanews