Қызылордада жұмысшы 20 жыл бойғы моральдік зиян үшін өтемақы алды

Фото: Freepik

Қызылордада мұнай-газ өндіру операторы 20 жыл бойғы моральдік зиян үшін өтемақы алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.


2002 жылдан бастап мұнай-газ өндіру операторы қызметін атқарған Қызылорда тұрғыны жұмыс орнында омыртқа-жұлынның ауыр жабық жарақатын алған. Нәтижесінде омыртқасының контузиясы және жамбас мүшелерінің қызметі бұзылған. 2023 жылдан бастап 1 топ мүгедегі бола тұра 20 жыл бойы жұмыс берушіден жоғалған табысы үшін әр айда 39 мың теңге, ал 2021 жылдан бастап 42,5 мың теңге ғана алған. 


Ол бұл қаражаттың жетіспеушілігін негіз етіп, Қызылорда қалалық сотына АҚ-дан моральдық шығынды өндіру туралы талаппен жүгінген.


Сот жұмыс берушіні кінәлі деп таныды. Жұмысшы талабын қанағаттандырып, оған келтірілген моральдік зиянды өтеу үшін 2 миллион теңге белгіленді.