Лепсі өзенінде 100 келі балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
Фото: Polisia.kz
33 жасар Жетісу облысы, Лепсі өзенінде Талдықорған тұрғыны тыйым салынған балық аулайтын құралдарды қолдана браконьерлікке барды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Ер адамнан ұзындығы 100 метр, ені 5 метр балық аулауға арналған 8 тор мен 16 темір тор мен қайық тәркіленді. Қолға түсірген 100 келі балық арқылы келтірілген залал 777 мың теңгені құрады.
«Табиғатты қорғау қызметі еске салады: браконьерлік экожүйеге елеулі зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады»,
Полиция тормен балық аулауға тыйым салынғанын еске салады. Бұл балық санының күрт азаюына әкелуі мүмкін.