Ливандағы әскери жағдайға байланысты 41 қазақстандық қайтарылды

 Pexels фото на taspanews.kz от 04 ноября 2024 10:58
Фото: Pexels

Ливан мен Израильдің арасындағы шиеленіс жағдайында Ливаннан қазақстандықтарды елге эвакуациялау жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларына 41 адам Бейруттан қайтты. Олардың ішінде ел азаматтары мен олардың отбасылары. 


Эвакуация 17-31 қазан мерзімінде Станбұл және Дубай қалалары арқылы жүрді.


Следите за новостями Taspanews