«Ұлы дала атасы болды»: Төреғали Төреәлі той иелеріне пранк жасады

Фото: Видеодан скриншот. instagram.com/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тойға ақсақал образында кіріп барды. Өнер иесі сақал тағып, шапан киіп алған видеосын жариялады. Бұл туралы Taspanews Төреғали Төреәлінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


«Ата болып, тойды жарып қайттым. Көңіл күй сыйладым ба?», – деп жазды әнші.


Пост из социальной сети

Әншінің бұл ісіне сүйсінген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде.


«Осылай пранк жасап, тойларға тегін барсаңыз ғой», «Сен енді ұлы дала баласы емес, ұлы дала атасы болдың», «Сенің жүрген жерің той ғой», – деп жазды желі қолданушылары.


Айта кетейік, Төреғали осыған дейін Алматы көшелерінде қайыршы образына кіріп, адамдарға пранк жасаған еді.