Мадс Миккельсен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқысы келетінін айтты
Астанада өткен ComicCon фестиваліне қатысқан "Ганнибал" телехикаясында және "Доктор Стрэйндж" фильмінде кейіпкерлердің рөлдерін сомдаумен танымал киноиндустрияның әлемдік кумирі Мадс Миккельсен еліміздің астанасына деген таңданысын жасырмай, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына қосылуға ниет білдірді, –деп хабарлайды Taspanews.kz Астана әкімдігінің ақпаратына сілтеме жасап.
Астанада екі күн ғана болған Миккелсен қала оған ұмытылмас әсер қалдырғанын мойындады. Ол астананы 30 сағат ішінде жеткілікті білмегенін, бірақ оның сұлулығына толық сенімді екенін атап өтті. Ұлттық тағамдар актердің жүрегінде ерекше орын алды. Миккелсен ол ойлағаннан да дәмді ет жегенін айтты.
Сондай-ақ, Мадс Қазақстан спортына назар аударды, әсіресе Tour de France-ке қатысқан велокоманданы атап өтті. Сонымен қатар, актер көшпенділердің ойындарын көріп қана қоймай, олардың толыққанды қатысушысы болуға деген ұмтылысын білдірді:
"Мен тек көшпенділер ойындарын көргім келмейді. Мен оның бір бөлігі болғым келеді және қолыма құс ұстап, атқа мінгім келеді",
Астанада өткізуге жоспарланған бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрермендер мен қатысушыларды жинайды деп күтілуде. Мадс Миккельсен сияқты әлемге әйгілі адамдардың қатысуы осы үлкен оқиғаның мәртебесі мен тартымдылығын ерекше атап өтетіні сөзсіз.
Алдағы ойындар туралы "Уэнздей" телехикаясының жұлдызы Перси Хайнс Уайт та өз пікірін білдірген.