МәҺір мен қалың мал теңессе...
МәҺір тақырыбы дәстүрден бөлек, мәселеге айналуда. Соңғы кезде мұсылмандардың ежелгі дәстүріне қатысты қосымша сұрақтар туа бастады. Бұл Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының "қалың малды" "мәҺір" ұғымына теңеуі туралы жақында қабылдаған шешіміне байланысты. Ол шешімде қалыңдық мәҺірді қалың малдан бөлек – өзіне тиесілі болатын мүлік ретінде сұрауға құқылы екені айтылады, алайда екі ұғымның сәйкестігіне салыстыру келтіріледі.
"Діндерді зерттеу орталығының" теолог маманы Бақберді Доғанбаев Taspanews.kz-ке берген сұхбатында бұл шешімді нақтылап, діни әдет-ғұрыптың мәні туралы толығырақ түсіндірді.
МәҺір ұғымның түп-тамыры
Теологтың айтуынша, мәҺір – бұл "қалыңдық үшін төлем" түрі, алайда мұны теріс мағынада түсінбеу қажет. Мұнда қызға “сатып алатын зат” ретінде қарамайды. Бұл тұрғыда мәҺірдің мағынасы "қалың мал" ұғымына өте ұқсас.
МәҺірдің діни маңызы туралы айтатын болсақ, маман Құранда сипатталған мысалды келтірді:
"Шұғайып пайғамбардың қызына үйлену үшін Мұса пайғамбар оның қарамағында шамамен сегіз жыл жұмыс істеген. Болашақ әйелінің әкесіне жұмыс істеуі мәҺірді төлегенмен тең саналды, себебі Мұса пайғамбардың оны бірден төлеуге мүмкіндігі болмаған",
Сарапшы бұл дәстүр тек Ислами мемлекеттерде ғана емес, өзге де елдерде барын атап өтті.
Христиандық “Ветхий заветте” де ұқсас жағдай келтірілген. Лаван қызы Рахильге ғашық болған Иаков қыздың әкесінің қарамағында шамамен 14 жыл жұмыс істеген.
МәҺір қалыңдық үшін алдын ала “қауіпсіздікті ойлау шарасы” ма?
Маманның айтуынша, мәҺірді тек бұл жағынан қарастырмаған жөн. МәҺір – бұл қалыңдық үшін "төлем жасау" ғана емес, сонымен қатар күйеу жігіттің қаржылық әлеуетін көрсетеді, болашақта әйелі мен балаларын ақшалай қамтамасыз ете алатынын білдіреді.
Қалыңдық "аса қымбат" мәҺір сұрай ала ма?
Соңғы кезде жауапсыз қалған сұраққа теолог келесідей жауап берді:
"Хадистерде мәҺірдің ең аз мөлшері көрсетілген. Оның құны 10 дирқам немесе 4,25 грамм алтынға тең. Ал одан көп беремін десе, шектеу жоқ",
Демек, болашақ күйеуінен қымбат сыйлық сұрауға ешқандай тыйым жоқ, алайда сарапшы тереңірек үңілді.
"Қыз өзінің таңдаған адамының ақша жағынан хал-ахуалын дұрыс бағалауы керек. Адами тұрғыдан қарағанның өзінде, күйеу жігіттен ол бере алмайтын сыйлықты бірден сұрау дұрыс емес",
МәҺір мен қалың мал теңесе ала ма
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының шешіміне қайта орала, теолог “мәҺір” мен “қалың мал” ұғымдары бір-біріне өте ұқсас екенін атап өтті. Оларды теңестіру дәстүрді түсінуді жеңілдету үшін жасалғанын айтады. Дегенмен, мәҺір қалыңдықтың қалауы бойынша, бөлек есептелуі әбден мүмкін. Екі жағдайда да, күйеу жігіттің бергені – тек қыз балаға тиесілі мүлік болып саналады.
"Кейде қалыңдық мәҺірден өз еркімен бас тартады. Бұл әр түрлі себептерге байланысты, құқығы бар. Неке Исламға сай қиылған болса, мәҺірдің болмауы оның күшін жоя қоймайды. Егер Ислам заңдарын қатаң сақтауға тырысатын болсаңыз, онда мәҺір беру салтын ұстанған жөн",