«Махаббат сезілетін»: Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен қайта қосылды

Фото: instagram.com/jarkynaijarkinai

«Рауза» сериалы арқылы көпшілікке танымал Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен қайта қосылды. Бұл туралы Жарқынай Ханайымның өзі Instagram-дағы ресми парақшасында Айдар Асқарбек екеуінің құшақтасып түскен суретін жариялап хабарлады, деп жазды Taspanews.kz.


Суретті көрген желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіріп, жұлдызды жұпқа жақсы тілектерін айтуда.


«Сұқбаттарда бір-бірін мүлде жамандады, керісінше, махаббат сезілетін», «Менің сүйікті жұбым қайта қосылыпты», «Қайта қосылғандарыңызға қуаныштымын», – деп жазды желі қолданушылары.


Әнші жылы лебізін жазған оқырмандарына алғысын айтты.


«Айдар екеуміздің телефонымыз жарылып жатыр, аппақ ниеттеріңізге рақмет!», – деп жазды әнші.