Мақсатына сай пайдаланбаған жеке меншік жер учаскелері аукционда сатылады
2025 жылы, 5 наурыз күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Астана мен республикалық маңызы бар қалалардағы жеке меншік жерлердің мақсатқа сай қолданылмауына байланысты шаралар қарастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Енгізілген түзетулерді қарастыру аясында жерді қайтару тетігі қаралды. Жаңа нормаларға сәйкес, мақсатына сай пайдаланбаған жеке меншік жер аукцион арқылы сатылуы керек. Бұрынғы меншік иесіне тек жерді сатып алған қаражаты қайтарылады. Егер жер жоғары бағада сатылса, артылған сома мемлекеттік бюджетке аударылатын болады.
«Бұл аукционға үлестес тұлғалардың қатысуын болдырмауға және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Осылайша, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланбаған меншік иелері жерді сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықтан пайда таба алмайды»,
– делінген ҚР Парламенті Мәжілісі ақпаратында.
Түзетулер бекітілсе, күшіне енеді.