Маңғыстау облысында 29 жүк көлігі қарға батып қалған

Фото: ҚР ТЖМ

16 желтоқсанда Маңғыстау облысы, "Жаңаөзен-Түрікменстан" тас жолында жүк көліктері ауа-райының күрт бұзылуы салдарынан жол үстінде қалып қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Республикалық маңызы бар трассада 29 көлік қар үйіндісіне тап болды. Солардың бірі жол-көлік оқиғасына ұшырап, жолдан шығып кетті. Аймақтық ТЖМ құтқарушылары мен "Қазавтожол" трассаны тазалап, құм септі. Сыртта қалған көлік жолға сүйретілді. Қозғалыс қалпына келтірілді.


ТЖМ дауылды ескертуге мән беруге шақырады.