Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары үшін судың бағасы күрт артқан

Фото: Depositphotos

Маңғыстау облысы прокуратурасы ауыл тұрғындары үшін су тарифінің күрт артуына байланысты жағдайды қарастырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


Жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін бірден 50 теңгеге артқан. Тариф басында 70 теңге болса, кейіннен 120 теңге болып шықты.


Облыс прокуратурасы наразылық түріндегі прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, 73 мың ауыл тұрғынының құқығын қорғады. Қарау нәтижесінде мәслихат шешімінің күші жойылып, 70 теңгелік тариф қайта енгізілді.