Маңғыстау облысында балабақша тәрбиелеушісі бүлдіршіннің қолын қайырып жіберген

Depositphotos фото на taspanews.kz от 05 февраля 2025 21:49
Фото: Depositphotos

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында балабақша тәрбиелеушісі баланың қолын шығарып алып, алғашқы медициналық көмек көрсетпеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


1 жас 6 айлық қыздың анасы журналистерге шағым түсіруге мәжбүр болды. Бұл прокуратура мен білім басқармасына берілген арыздардың нәтижесіз қалуына байланысты.


Айта кетсек, оқиға 17-қаңтар күні Басқұдық ауылы, "Жібек жолы" балабақшасында болды. Кешке жақын ата-аналары қызы қолын қимылдата алмай жатқанын көріп, оны ауруханаға жеткізді. Кейіннен, бүлдіршіннің анасы балабақшадағы бейнебақылау камераларынан оны ұрмақ болған тәрбиешіні көреді. Осылайша, бопсалауға ұшыраса да, бұл бейнероликті жариялауға бел буды.


Одан бөлек, бүлдіршін балабақшадан жиі ауырып келетін болған. Коньюктивит пен стоматитке ұшыраған. Сонымен қатар, балалар мекемеде дұрыс тамақтанбайтын болып шықты.


Lada.kz
Следите за новостями Taspanews