Маңғыстау облысында пансионаттар жарғылық мақсатқа сай қызмет көрсетпеген

Фото: Pexels

Маңғыстау облысында балалар қайырымдылық пансионаттарының жарғылық мақсатқа сай қызмет көрсетпеуі тіркелді. Олар – Мұнайлы ауданындағы 2, Жаңаөзен қаласындағы, Қарақия және Түпқараған аудандарындағы 1 пансионат, – деп хабарлайды Taspanews.kz Маңғыстау облысы прокуратурасына сілтеме жасап.


Білім беруге лицензиялары болмаған мекеме қабырғасында діни әдебиет оқытылған. Басқа заң бұзушылықтардың қатарында білім, тәрбие және уақытылы медициналық көмек алу құқықтарының бұзылуы мен санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасын сақтамау да бар. Нәтижесінде, пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама дайындалып 1,3 млн теңге айыппұл төлеу міндеттелді.


Прокуратура арызынан кейін пансионаттардың тіркеуі жойылды, бұдан кейін қызмет көрсетуге олардың құқығы жоқ. 


Тәрбиені тиісті деңгейде бере алмағаны үшін ата-аналар жауапқа тартылды.