Маңғыстау облысында заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Pexels фото на taspanews.kz от 24 февраля 2025 09:34
Фото: Pexels

Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып, құмар ойын ойнайтын бизнес жүргізгендерге қатысты сот ісі қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 


Ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданды. Арнайы платформаға тіркелу үшін логин, пароль және сілтеме берілген. Осы арқылы ойындарға қатысу мүмкін болды.


«Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты. Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды», – делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында.

Сот үкімімен ҚР ҚК «заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру»  және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу» бабтары бойынша айыпталушылар күнәлі таныоып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.


Следите за новостями Taspanews