Маңғыстау облысында жесір әйелді үйге кезектен заңсыз шығарып жіберген

Фото: Pexels

Маңғыстау облысы бойынша МАӘС жесір әйелдің үйге кезегін қайтарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.


Ақтау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жесір әйелге тіркелген пәтер барын біліп, үйге кезектен алып тастаған. 2 жасөспірім баласымен қалған ана бұл әрекетпен келіспей, сотқа жүгінген.


Соттан бұл әрекетті заңсыз деп танып, тұрғын үй кезегін қалпына келтіруді талап еткен.


Сот шешімі бойынша талап қанағаттандырылды. Заң бойынша жесір әйелді және толық емес отбасыларды кезектен шығаруға болмайтыны келтірілді. Сонымен қатар, оған тіркелген мұраға қалған 1 бөлмелі пәтер белгіленген нормаларға сәйкес келмеген:


"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның нормаларына сәйкес жергілікті атқарушы орган бір адамға пайдалануға кемінде 15 шаршы метр және 18 ш.м-ден аспайтын жарамды алаңы бар тұрғын үй ұсынады, ал жесір әйелге мұраға қалған 1 бөлмелі пәтер белгіленген нормаларға сәйкес келмейді", – Жоғарғы Сот.