Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға: бала суға батып кетті
Фото: Pexels
Маңғыстау облысында Каспий теңізінде қайғылы оқиға болды - 2022 жылы туған бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл Құрық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан суға түсуге арналмаған жерде болған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиғаға судағы тәртіп ережелерін бұзу себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.