Маңғыстау облысындағы колледж директоры 29,5 миллион бюджет қаражатын ұрлаған.

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 16:35
Фото: pexels

Маңғыстау облысында колледж директоры 29,5 миллион теңге ұрлағаны анықталды, - деп хабарлайды Taspanews облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап


2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың тамызы аралығында гуманитарлық колледж директоры 29 қызметкерге сыйлықақы беру туралы негізсіз бұйрықтарға қол қойып, аталған соманы игеруге мүмкіндік берді. Осы қылмысы үшін Бейнеу аудандық соты оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігімен жеті жылға бас бостандығынан айырды.


Келтірілген шығын толығымен мемлекетке өтелді.


Следите за новостями Taspanews