Маңғыстауда ауа-райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу режімі енгізілді
Фото: Pexels
Маңғыстау облысындағы бірнеше аудан мен қалада ауа-райы құбылыстарына байланысты қашықтан оқу режімі енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс білім басқармасына сілтеме жасап.
Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқытылады. Одан бөлек, колледж студенттері де қашықтан оқуға мәжбүр болды.
Уақытша өзгерістер қашанға дейін сақталатыны белгісіз.