«Марқұмның құпияларын ақтару – көргенсіздік»: Меруерт Түсіпбаева қайтыс болған өнер иелерінің жан сырын көпшілікке жариялайтын әріптестерін сынға алды

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм болған өнер адамдарының құпиялары мен сырларын көпшілікке жария ететін әріптестеріне шүйлікті. Бұл туралы Taspanews.kz Меруерт Түсірбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


«Пост жазуға сұхбат беруге құлқым жоқ. Өтірік айтқым келмейді. Шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен, көптен бері осы ой мазалап жүр еді… Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беру дұрыс емес. Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтару – көргенсіздік. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. «Мұнысы несі екен?!» деп ойладым да қойдым. Тіпті мынау не деп оттап отыр деп те ұрысып алдым. Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар?! «Өзі жоқтың –көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі мен көзі кеткенімен артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкімес, жауапқа тартпас, сотқа бермес. Бірақ артында қалған ұрпағы бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар!», – деп жазды әнші.  


Пост из социальной сети