Мас күйінде көлік жүргізген күйінде ұсталған Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатылды

 фото на taspanews.kz от 25 июля 2024 15:39
Фото: Instagram bakytbek_tajimbet

Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет жақында мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан жерінде ұсталды. Сол үшін ол бірден темір тордың ар жағында 15 күнге қамауға алынып, қызметінен айырылды. Толығырақ Taspanews материалында.


Қамау


Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Taspanews тілшісіне Қостанай қаласының бас имамының ұсталу фактісін растап, оның Ақмола облысы Бурабай ауданында заң бұзушылық жасағанын түсіндірді.


Бұл әрекеті үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алды.


Қызметінен босату


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі Taspanews редакциясына көлікті мас күйінде басқарған Қостанай облысының діни саладағы бас имамы ұсталғанын растады.


«Құқықтық нормалар мен діни қызметкерлердің этикасын бұзған тұлғалардың діни салада жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ. Діни салада әдепсіз әрекетке барған азамат Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатылды. ҚМДБ болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, барша мұсылмандар атынан кешірім сұрайды. Діни қызметкерлердің этикасын бұзған қызметкер жұмысынан босатылады» - деп хабарлады Taspanews тілшісіне Қазақстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Следите за новостями Taspanews