«Мәсімов қандай кешірім сұрап отыр?»

Фото: Flickr

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram-арнасында қазақстандық БАҚ-та Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Taspanews


«Олар Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрайды деп жазады. Кешірім жасау адамды ол жасаған барлық қылмыстардан – дәлелденген және дәлелденбеген, белгілі және белгісіз қылмыстардан толығымен тазартады». Саясаттанушы Ғазиз Әбішев

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Нәтижесінде, ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген айыппен сотталды. Мәсімов мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қазақстан заңнамасы президенттің рақымшылық жасау құқығына ие болу үшін кінәні мойындауды талап етпейді. Осыған сүйене отырып, Мәсімовтің қандай кешірім сұрап отырғаны қызық. Не үшін сотталғанын толық мойындап, тағы қандай айып тағылып отыр? Әлде өз кінәңізді мойындамай, бұрынғы қызметтері үшін кешірім сұрайсыз ба? Саясаттанушы Ғазиз Әбішев