"Майқайың алтын" кенішіне құлаған жерден құтқарушылар автобусы табылды
"Майқайың Алтын" кенішінде 3-4 қаңтарға қараған түні шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған құтқарушылар автобусы табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ақпаратына сілтеме жасап.
Оқиғаға қатыстылар жауын-шашын мен қатты желдің екпініне қарамастан, жұмыстар барынша сақтықпен жүргізілуде, өйткені жаңа көшкіндер болуы ықтимал екенін айтады. 24 шілде таңынан бастап құтқарушылар қайтадан іздеуге кірісті.
Қазіргі уақытта бампер мен автобустың бір дөңгелегін жоғарыға шығарды.
Елу бес жасар транспорт жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 3 қаңтарға қараған түні орын алды. Жолаушылары бар автобус ауқымды тазарту алаңына құлады, кейінірек олардың екеуінің денелері құм арасынан табылды. Қайғылы оқиғадан алты ай өткен соң, қайтыс болған құтқарушылардың бірінің денесі табылған.