Мәжіліс депутаты жол сапасының жақсы болуы туралы деректерді жоққа шығарды
2024 жылғы 23 желтоқсанда Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов Қазақстандағы жолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау қажеттілігі туралы мәселе көтерді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Халық өкілінің айтуынша, қолданыстағы бағалау әдісі жолдардың, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдардың нақты жағдайын нақты көрсете алмайды.
Бұл туралы Сабильянов көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінен кейін мәлімдеді.
«Сіздердің деректеріңізге сәйкес, еліміздегі жергілікті маңызы бар жолдардың 87 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Алайда, осы жолдардың 31 мың шақырымында (44%) асфальтбетон жабыны болса, қалған 39 мың шақырымында (56%) қиыршық тас, майда тас және топырақты бөліктерден тұрады. Қолданыстағы рейтингтік жүйе жабын сапасындағы елеулі айырмашылықтарды ескермейді, бұл жаңылыстыруы мүмкін»,
Ол өз кезегінде қиыршық тас, майда тас және торырақ жабындылары бар жолдарды «қанағаттанарлық» санаттан шығаруды ұсынды. Депутат мұндай өзгеріс жол желісінің нақты жағдайын дәлірек көрсететініне, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жоспарлау мен дамытуды жақсартатынына сенімді.
«Критерийлерді қайта қарастыру керек, осылайша біз жергілікті жолдардың жай-күйі туралы нақтырақ білетін боламыз, бұл жөндеу және жаңғырту жұмыстарын тиімді жоспарлауға көмектеседі»,
Оның пікірінше, бұл өзгерістер орын алса бүкіл Қазақстан бойынша жол төсемдерінің сапасы жақсарады.