Мектепке дейін білім беру ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде кезек азайды
Фото: ҚР Премьер-министр сайты
Шымкент пен Түркістандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезек біршама азайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер министрінің сайтына сілтеме жасап.
Одан бөлек, Тараз бен Түркістанда 2 жастан асқан балаларға білім беруге кезек толығымен қанағаттандырылды. Ендігі кезекте Таразда ваучерлер 1,5 жастағы балалар үшін де тағайындалатын болады.
Жаңа ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарды өздігімен таңдап, ваучерді жоғалтпай, біріншісінен екіншісіне ауыса алады. Осылайша, ұйымдар арасында бәсекелестік арта түсті.
Ваучерлік жүйе бойынша пилоттық жоба Орал, Шымкент, Тараз бен Түркістан қалалары бойынша жүзеге асырылды.
«26 желтоқсаннан бастап елордадағы балабақшалар жаңа жүйеге көше бастады. Осы мақсатта түсіндіру іс-шаралары мен жаңа жүйеге көшуге дайындық жүргізілді. 2025 жылы ваучерлік қаржыландыру жобасы еліміздің басқа қалаларында енгізу жоспарлануда», –