Мектепке дейінгі ұйымдардағы бұзушылықтар: кезектен тыс басқа өңірлерден бала тіркеу анықталды

ҚР Премьер министр сайты фото на taspanews.kz от 28 декабря 2024 12:27
Фото: ҚР Премьер министр сайты

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы арқылы тәуекелдерді басқару жүйесі ұйымдастырылып, Тараз, Шымкент және Түркістанда кезекке қою бойынша бұзушылықтар анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Таразда басқа өңірлерден балалар тіркеу, салық түсімдерінің болмауы және келтірілген мәліметтердің сәйкессіздігі анықталды.Тексеріс барысында кезек қыстартылып, 5,4 млн теңге қаражат үнемделді.


Шымкентте пен Түркістанда тіркелген тәрбиеленушілер де қаладан тыс өңірлерден болған. Шымкенттегі бір балабақша толығымен қаржыландырудан айырылды.


Оралда тәрбиеленушілер басқа елді мекендерде тіркелген болып шықты.


Еске салсақ, пилоттық жоба шығынды болдырмауға және ваучерлік қаржыландыруды жаппай жүзеге асыруға бағытталған.


Следите за новостями Taspanews