Мектептердегі тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді

Pexels фото на taspanews.kz от 19 ноября 2024 11:16
Фото: Pexels

ҚР Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру мекемелеріндегі тамақтану туралы баяндама жасады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ОАМ сілтеме жасап.


Ендігі кезекте тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсыныстарына сай болады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, 2025 жылы қолданысқа енетін жаңа стандарттар әзірленді. Әлеуметтік әмиян жобасымен тегін тамақтандырылатын балаларды автоматты түрде есепке алу жүруде екені мәлімделді.


"Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді",  – деді министр.

Өз кезегінде Олжас Бектенов әкімдіктерге жыл соңына дейін инфляцияға қарай 1 балаға арналған тамақтану құнын арттыруға қаражат бөлуді тапсырды.


Следите за новостями Taspanews