Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйінде метапневмовирус туралы пікір білдірді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2656 орындық жаңа жатақханасын аралап, халықты алаңдатқан мәселе туралы сөз қозғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Еске салсақ, 5 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы метопневмовирус жағдайы туралы ақпараттандырған. Бүгін метопневмовирус туралы пікірінде Мемлекет басшысы алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты:


«Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек”,  – деді Мемлекет басшысы.

Одан бөлек, жаңа жатақхана докторант, магистрант пен бакалавр студенттеріне арналған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар студенттер үшін кедергісіз орта ойластырылған. Мемлекет басшысы заманауи жабдықталған, коворкинг, кітапхана, спорттық және коммерциялық орындары бар үш заманауи блоктан тұратын Студенттер үйін аралау барысында, Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен қолға алынған шаралар туралы сөйлесті.


«Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады», – Ақорда баспасөз қызметі.