Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты

Фото: GOV.KZ

Қазақстан Республикасы басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында еңбек демалысында, – деп хабарлайды Taspanews.kz Aqorda-ның телеграм парақшасына сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет міндеттемелерінен 3 күн демалыста. 


Еске салсақ, демалысқа шықпай тұрып, 22 шілде күні ол Панталей Кесоглуны "Барыс" 1-ші дәрежелі орденімен марапаттады  және Иранның жаңа Президенті Масуд Пезешкианды сайлаудағы жеңісімен құттықтады.


Сонымен қатар, Ақорда-ның Telegram ресми парақшасында Президенттің 15-21 жұмыс апталығындағы іс-шаралары жайлы бейнешолу жарияланды.