Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанымен құттықтады

Ақорда фото на taspanews.kz от 24 апреля 2025 12:38
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйлеп, Ассамблеяның 30 жылдығымен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


"Бүгінгі бас қосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты",  – деді Мемлекет басшысы

Президент елде атқарылып келе жатқан өзгерістерді айта келе, енді Сенаттың бес депутаты Ассамблея кеңесі ұсынысымен, Президент тарапымен тағайындалатынын атап өтті. Бұл заңнамалық деңгейде елдегі барлық этностың мүддесін қорғауды көздейді.


Одан бөлек, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша «Бір ел – бір мүдде» атты палатааралық депутаттар тобы құрылғанына ерекше тоқталды.


Следите за новостями Taspanews