Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Фото: Depositphotos

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Наурызнаманың алғашқы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қыстан көктемге шығып, ағайын-бауырмен кездесіп, өткен-кеткен ренішті ұмытып, күлкі-шаттыққа толатын күн – Көрісу, Амал күні елдің байырғы дәстүрі болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мейрамын тойлау аясында мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдың 14-23 наурыз аралығында Наурызнама жүретін болады. Көрісу күні – жаңа формат бойынша Наурыз тойланатын алғашқы күн.


«Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін», – деді Президент өз құттықтауында.