Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануы қайталанбау керектігін айтты
Фото: Pexels
15 қараша күні өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі тамақтануға аса көңіл аударылатынын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Akorda.kz сілтеме жасап.
Өкілетті органдарға азық-түлік сапасын арттыру талабы қойылды.
Дұрыс және теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің мектеп басшылығымен ынтымақтастық орнатуы міндеттелді.