Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз жғргізеді

Фото: Ақорда
29 наурыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі, одақтастық қатынастарын нығайту мен өңірлік күн тәртібін нығайту мәселелері қаралады.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Алматыдағы нысандарды аралап, жасанды интеллект бойынша көрмеге барады.