Мемлекет басшысы SANA Sport отбасылық орталығында болды

 фото на taspanews.kz от 05 июня 2024 15:48
Фото: Ақорда
 фото на taspanews.kz от 05 июня 2024 15:48
Фото: Ақорда
 фото на taspanews.kz от 05 июня 2024 15:48
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елордадағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысу аясында SANA Sport отбасылық орталығында болды, – деп хабарлайды Taspanews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орталықта 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті ұстаздар басқаратын 29 спорттық, шығармашылық және білім беру үйірмесі жұмыс істейді. Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан жобалар туралы ақпарат пен кешен аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары ұсынылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев спорт залдарын, шығармашылық үйірмелер мен оқу кабинеттерін аралап көрді. Мемлекет басшысы шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Аяр Алтынбекке сыйлық табыстап, алдағы уақытта да табыс тіледі. Айару жақында президентке кездесуді өтініп хат жазып, арманы орындалды.


Орталықта 4 мыңнан астам бала қосымша білім алса, «Мереке» қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасылардағы жасөспірімдерге орталықтың үйірмелеріне баруға мүмкіндік береді.


Следите за новостями Taspanews