Мемлекет басшысы Түркістан қаласының ерекше мәртебесін бекітті

 Pexels фото на taspanews.kz от 03 марта 2025 10:18
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Заң құжатында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, қайта жаңғырту, реставрациялық және археологиялық жұмыстарды реттеу, қорғау аймағындағы биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау, археологиялық ескерткіштер резерватын құру, мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылым қамтамасыз ету мен инклюзивті туризм құру, көлік транзитін реттеу қарастырылды.


Ендігі кезекте орын алатын өзгерістер: 


- Ұлттық қолөнершілердің шығындары жергілікті бюджетпен өтелетін болады.


ҚР Парламенті Мәжілісі фото на taspanews.kz от 03 марта 2025 10:18
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

- Түркістан әкімдігі мен мәслихаты жаңа құзыерттерге ие болады. Қала әкімдігіне 27 қосымша өкілеттік, мәслихатқа 7 өкілеттік беріледі. 


ҚР Парламенті Мәжілісі фото на taspanews.kz от 03 марта 2025 10:18
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағынан 100 метр радиуста биіктігі 7 метрден асатын және тарихи ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға тыйым салынады. Қолөнершілер шығындарының 10%-25%-ын жергілікті бюджет өтейді.


"Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағынан 100 метр радиуста биіктігі 7 метрден асатын және тарихи ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға тыйым салынады. Қолөнершілер шығындарының 10%-25%-ын жергілікті бюджет өтейді", – делінген ресми хабарламада,

Следите за новостями Taspanews