Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы кеніште қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеніште орын алған төтенше жағдайға байланысты қаза тапқан жұмысшылардың жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде тау массасының құлауы салдарынан бірнеше кенші қаза тапты. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Үкіметке оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмекті қамтамасыз ету жөнінде нұсқау берілді.