Мемлекет басшысы Жандос Шаймардановпен стратегиялық жоспарлауды талқылады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановпен ағымдағы экономикалық үрдістер мен реформаларды талқылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz akorda.kz сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановпен кездесті. Кездесу барысында Президентке ұлттық және әлемдік экономикадағы қазіргі үрдістер туралы ақпарат, сондай-ақ құрылымдық реформаларды одан әрі енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Мемлекеттік статистика негіздерін институционалдық нығайту және деректерді басқару туралы есеп берілді.


Жандос Шаймарданов Ұлттық статистика бюросының енді әкімшілік деректер көздеріне қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі бар екенін хабарлады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тоғыз мемлекеттік органның деректер базасының сапасын бағалау жоспарлануда. Бұл сапа стандарттары мен халықаралық әдіснаманы әкімшілік ақпарат көздеріне таратуға мүмкіндік береді.


Мемлекеттік хатшыға Агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін пайдалана отырып, үш жылға дейінгі кезеңге статистикалық қызметті қысқа мерзімді жоспарлаудан орта мерзімді жоспарлауға көшуі туралы хабарланды. Жандос Шаймарданов алдағы реформалар деректердің сапасы мен ресми статистикаға деген сенімділікті арттыра отырып, статистикалық есептілікті екі есе қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды мұқият пысықтаудың маңыздылығын атап өтіп, Агенттік төрағасына осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.