Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы спортшының шеберлігі мен табандылығын атап өтті.
Еске салсақ, 2025 жылы 5 сәуірде Астанада Жәнібек Әлімханұлы француздық Анауэль Нгамиссеннгені нокаутпен құлатты. Осылайша, 5 раундтқа қазақстандық спортшы жеңіске жетіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.