Мемлекет меншігіне 8 су қоймасы қайтарылды

Pexels фото на taspanews.kz от 03 февраля 2025 16:22
Фото: Pexels

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқаруда заң бұзушылықтарды анықтап, 8 су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Жосықсыз басқарушылармен келісімшарттар бұзылып, 20 млрд теңгеден астам мүлік мемлекетке өтті.


"Олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.


Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар тарапынан су объектілерінің техникалық жағдайы тексерілуде.


Следите за новостями Taspanews