«Мен енді Ақтөбенің тұрғынымын»: Кәсіпкер Ершат Қайболдинға пәтер сыйлады

Фото: tiktok.com/ershat_kaiboldin

«Сен қорқақсың», «Мен сені сағындым» сынды хит әндердің авторы, танымал ақын Ершат Қайболдинге кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов пәтер сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz өнер иесінің Tiktok-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Ол Ақтөбе қаласынан үй сыйлаған кәсіпкерге алғысын білдіріп, оның отбасына бар жақсылықты тілейтінін жазды.


«Сүйінші, ағайын! Мен енді Ақтөбенің тұрғынымын. Атымтай жомарт кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов ағам Ақтөбенің төрінен үй сыйлады. Ағама Алла разы болсын, мен риясыз риза болып қалдым. Әулетіне бар жақсылықты тілеймін. Кәсібі берекелі болып, абыройы аспандай берсін!», – деп жазды ақын.


Желі қолданушылары Ершатты жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


«Жүрегі кең адам екен, Алла разы болсын», «Біздің елде жомарт жігіттер көп қой», «Құтты болсын, сол үйде өсіп, өн», – деп жазды желі қолданушылары.