«Менімен танысқанда 9 жастағы бөпе едің»: Абай Бегейдің келіншегі тұрмысқа шыққалы жатқан қызына жан тебірентер жазба арнады
Фото: instagram.com/fari___za__zhan
Танымал әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбатқа сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Әншінің келіншегі Фариза Жұманова бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында жазып, Сымбатқа жан тебірентер жазба арнады.
Оның айтуынша, Фариза Сымбатпен танысқан кезде ол 9 жаста ғана болыпты.
«Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым, бақытты бол. Менімен танысқанда 9 жастағы кішкентай бөпе едің. Енді міне, бой жетіп өз теңіңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей», – деп жазды Фариза.
Пост из социальной сети