«Менің арманымды орындап жүрген жігітіме рақмет»: Кенжебек Жанәбілов келіншегіне су жаңа автокөлік сыйлады
Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart
Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов келіншегіне қымбат сыйлық жасады. Өнер иесі өмірлік жарына су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы Taspanews.kz Кенжебек Жанәбіловатың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады!», – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Әншінің жары да әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын жақсы жаңалықпен сүйіншіледі.
«Біріншіден, Аллаға сансыз шүкір! Екіншіден,менің армандарымды орындап жүрген жігітіме рақмет! Жарияға жар салмайын деп отыр едім. Бірақ жігітімнін еңбегін бағаламағандай болмайын деп, салып жатырмын. Бұл бір мақтаныш емес. Оның артында үлкен еңбек жатыр. Барымызды бағалайық!», – деді Жамиля Төлегенова.
Пост из социальной сети