«Менің атым – Қожа» фильмінің актрисасы Күләш Қажығалиева өмірден өтті

Фото: facebook.com/teatr.musrepov

   Танымал актриса Күліш Қажығалиева 82 жастан асқан шағында өмірден озды. Бұл туралы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Taspanews.kz.


«Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.


Театрдың баспасөз қызметі Күләш Қажығалиева 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған актриса екенін жазды. Ол Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі "Менің атым Қожа" қойылымында Жанардың рөлінде ойнаған.


Одан бөлек актриса «Қызыл сұңқарлар» – Маруар, «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, «Жақсы кісі» –Балзия, «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, «Шағала»Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.