Мерекелерге орай Қазақстан бойынша қосымша пойыздар мен әуе рейстері іске қосылады

Фото: Pexels

13 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін ел ішінде жол жүруге арналған қосымша транспорт ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай, Ұлттық тасымалдаушы қосымша 43 мың адамға жол жүру мүмкіндігін береді.


Қосымша рейстер бағыты:


№201/202 «Астана – Алматы» пойызы: Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және  1, 4 қаңтар 2025 жыл.


Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанжәне 2, 5 қаңтар 2025 жыл.


№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:


Астанадан:


13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.


Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.


№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:


Ақтөбеден:


13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.


Астанадан:


14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл. Одан бөлек, сұранысқа ие бағыттардағы пойыздарға 688 вагон қосылады.


Теміржол билеттері қымбаттамайды.


Сонымен қатар, 91 қосымша әуе рейстері қосылды.


Рейстерді қосқан әуе компаниялары: Air Astana, FlyArystan, Scat және Qazaq Air.


Ел ішіндегі бағыттар бойынша әуе билеттері құны көтерілмейді.


Алайда, билетті алдын ала сатып алған жөн. Нарықтық факторларға қарай өзгерістер болуы мүмкін.