Меркі аудандық ауруханасы жер сілкінісінен зардап шеккен

F фото на taspanews.kz от 28 марта 2025 11:17
Фото: Freepik

2025 жылы 27-28 наурызға қараған түні Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен бірнеше әлеуметтік нысандар зардап шеккен, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Алдын ала мәлімет бойынша Т. Рысқұлов ауданындағы Мәдениет үйі мен Меркі аудандық ауруханасының қабырғасында жарық пайда болды.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб құрылды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.


Следите за новостями Taspanews