Мерзімді әскери қызмет сарбаздары оқу орны гранттарын иеленді

Грант сарбаздар фото на taspanews.kz от 22 октября 2024 08:49
Фото: Қорғаныс министрлігі

2023 жылы күзде әскери мерзімді қызметті өтеген сарбаздарға жоғарғы оқу орнына түсуге гранттар бөлінді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Конкурсқа Барлығы 17 927 сарбаз қатысты. Оның ішінде – Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз.


Іріктеу «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асқан. Қызмет барысындағы сарбаз үлгерімі мен тәртібі ескерілді. Оқуға түскендердің тізімін Қорғаныс министрлігі жариялады.


Жоғарғы білім алуға құқылы сарбаздар қатары келесі сілтеме арқылы белгілі ( “тізім” сөзін басыңыз ): https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/article/details/184648?directionId=_136&lang=kk


Следите за новостями Taspanews