Мейрамханаларда ауызашар мәзірінің бағасы күрт қымбаттауда
Фото: Freepik
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мейрамханаларда дәм тату тым қымбаттап бара жатқанын құптамады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Діни басқарма қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады. Сонымен қатар, дастархан жасауда бәсекелестіктің болуы, ысырапқа жол берілу дінге қайшы екенін ескертілді.
«Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят)»,